Көлік жуу орындарына ауыз суды пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін
Қазақстанда көлік жуу орындарының орталықтандырылған ауыз суды пайдалануына шектеу енгізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл талапты заңнамалық тұрғыда бекіту үшін Су кодексіне тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бастама еліміздегі су ресурстарын үнемдеуге және ауыз судың мақсатсыз жұмсалуына жол бермеуге бағытталған.
Министрлік мәліметінше, су ресурстарын тиімсіз пайдалану деректері де артып келеді. Жыл басынан бері 758 заң бұзушылық анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Егер ұсынылып отырған өзгерістер қабылданса, көлік жуу орындары орталықтандырылған ауыз судың орнына балама су көздерін пайдалануы немесе суды тазалап, қайта айналымға қосатын арнайы технологияларды енгізуі мүмкін.
Дегенмен жаңа талаптардың нақты қалай жүзеге асатыны, қандай су көздерін пайдалануға рұқсат берілетіні және шектеудің қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.
Айта кетейік, әзірге бұл бастама заңнамалық өзгерістерді әзірлеу кезеңінде. Сондықтан көлік жуу орындарына қатысты нақты талаптар Су кодексіне енгізілетін түзетулер қабылданғаннан кейін белгілі болады.

Фото: Ашық дереккөз










