Елде азық-түлік арзандады
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 9 қыркүйекке дейінгі бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.
Ең көп арзандаған өнімдер:
картоп – 6,9%
пияз – 5,9%
ақ қырыққабат – 5,1%
сәбіз – 4,5%.
Пияздың орташа бағасы – 156 теңге, сәбіз – 227 теңге, картоп – 217 теңге. Бұл өнімдердің ең төмен бағасы Павлодарда тіркелді. Қызанақтың орташа бағасы – 586 теңге, сүйекті сиыр еті – 3819 теңге, тауық еті – 1747 теңге.
Сондай-ақ алма – 0,8%-ға, нан – 0,4%-ға, ірімшік – 0,3%-ға арзандаған. Ұн, кеспе, сүт және сүзбе бағасы өзгермеген.

Фото: Ашық дереккөз











