«Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады
Британиялық актер Саша Барон Коэн өзі сомдаған Борат образы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Ол «Борат» сатиралық бейненің шынайы Қазақстанмен байланысы жоқ екенін жеткізді.
Happy Sad Confused подкастында:
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып қазақстандықтардан кешірім сұрағым келеді. Мен сіздердің акценттеріңізбен сөйлей алмаймын. Негізі оның қандай екенінен де хабарым жоқ.
Қазақстандықтар, өтінемін маған ренжімеңіздерші. Мен сіздерге зор құрметпен қараймын», – деді.

Коллаж: Ашық дереккөз










