Қазақстанда мұғалімдердің қағазбастылығын азайту жоспарланып отыр. Оқу-ағарту министрлігі педагогтер толтыруға міндетті құжаттар санын 25-тен 5-ке дейін қысқарту мәселесін қарастыруда,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылы бекітілген тиісті бұйрық қайта зерделенген. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, қазіргі уақытта мұғалімдер 25 түрлі құжатты толтыруға міндетті. Енді олардың санын беске дейін азайту ұсынылып отыр.

Ведомство бұл бастама арқылы педагогтердің артық есеп толтыруға жұмсайтын уақытын қысқартып, негізгі жұмысына, яғни білім беру мен оқушылардың сапалы білім алуына көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік беруді көздейді.

Сонымен қатар министрлік мұғалімдерге қысым көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, сондай-ақ педагогтер мен оқушылар арасындағы жанжалдарға қатысты жағдайларды да зерделемек.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мұндай мәселелер бойынша түскен әрбір өтініш жеке қаралып, жан-жақты тексеріледі.

Осылайша, министрлік педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту және мектептердегі артық әкімшілік жүктемені азайту бағытында бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Алайда құжаттар тізімін қысқартуға қатысты нақты шешім әзірге қабылданған жоқ.

Коллаж: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *