Тоқаев Қарағанды облысына барды: Президент Теміртауда нені тексереді?
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына аттанды. Теміртауда бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап, өңірдің дамуымен танысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді, — делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұдан бөлек, Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.
Фото: Ақорда











