Қызылорда: Қармақшыда пробация есебіндегі азаматтар тексерілді
«Қауіпсіз үй» республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысындағы Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 40 азамат тұр. Профилактикалық шара барысында олардың барлығының мекенжайларына барып, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қайталама қылмысқа жол бермеу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара нәтижесінде жазасын өтеу тәртібі мен талаптарын бұзған бір сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жолданды. Сонымен қатар тағы екі есептегі азаматқа ескерту берілді.

Бұдан бөлек, сот үкімімен мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтардың жұмыс орындары да тексерілді. Қазіргі таңда олар аудан аумағында көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарын атқаруда. Сотталғандар қоғамдық жұмыстарға күніне төрт сағаттан қатысып, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда.
Қармақшы аудандық пробация қызметінің бастығы Ержан Әбілдаевтың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, есептегі азаматтардың мінез-құлқын бақылау, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру және қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу.

«Біздің басты міндетіміз – сотталған азаматтардың заң талаптарын сақтауын қадағалап қана қоймай, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету. Осы бағытта тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындары тұрақты түрде тексеріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Заң талаптарын бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деді Ержан Әбілдаев.
Фото: ҚАЖ












