БАЙЖАНБАЕВТЫҢ ІЗБАСАРЫ
Кеше Серік Әбілдің төрт кітабының таныстырылымы болды. Ақ жаңбыр күйші Секен Тұрысбек, ардакүрең ақын Galym Zhailybay, Алтайдай биік шайыр Сұраған Рахмет ағаларыммен бірге «тұсаукесер» рәсімін жасадық. Жерлестері ат мінгізді.
Серік Әбіл — Құдай бір басына бірнеше өнер берген жігіт. Әсіресе, дауысы ғажап! Гүр ете қалғанда, Әнуарбек Байжанбаев тіріліп келгендей елең етесің. Кез келген ақынның өлеңін оқи жөнеледі. Қытайда жүргенде тұтас прозалық кітаптарды оқып тастапты. Ал елге келгесін…
…жұмыссыз жүр. Айтпақшы, дикторлар арасындағы сайысқа қатысып, Әнуарбек Байжанбаев атындағы сыйлықты иеленіпті анабір жылы. Тек радиоға жұмысқа тұрар кезде «орын жоқ» болып қалады ылғи.
Біз Серіктің дауысын пайдалана алмай отырмыз. Өкінішті…
Бауыржан Бабажанұлы, ақын