Заңсыз 360 қару-жарақ тәркіленді
Заңсыз қару сақтау бойынша 120 жағдай тіркеліп, 200 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл жайлы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Құзырлы оргондар үш күн ішінде «Қару» операциясы аясында заңсыз 360 қару-жарақ, 12 граната және 3000-нан астам оқ-дәрі тәркіледі. Бұдан бөлек 30-дан аса жасырын қойманы анықтады.
ІІМ азаматтарды қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады, бұл жағдайда ешқандай құқықтық салдар болмайды.