Ақмола облысында 10 медициналық нысан салынады. Бұған жемқорлардан жиналған қаражат жұмсалады. Яғни қаржы көзі қайтарылған активтерден қаралады. Бас-аяғы жобаға 1,7 млрд теңге жұмсалады.

Айтайық, аймақта 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт бой көтереді. Нысандардың барлығы дерлік ауылдық елді мекендерде салынады.

Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға септеседі.

Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының келесі ауылдарында:

● Аршалы ауданы Арнасай ауылында,

● Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында,

● Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында,

● Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.

Сондай-ақ:

● Жақсы ауданының Киров ауылында,

● Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,

●  Бұланды ауданының Партизанка ауылында,

● Бұланды ауданы Алтынды ауылында,

● Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады.

Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *