Оңтүстік Корея: Хан Док Су қайта оралды
Оңтүстік Корея премьер-министріне жарияланған импичмент заңсыз деп танылып, Хан Док су қайта оралды.
Айтайық, осыдан 3 ай бұрын парламент оған импичмент жариялаған еді. Дегенмен, конституциялық сот шешімді заңсыз деп танып, премьер-министр қызметіне қайта кірісті.
Әңгіменің әрісі былтыр елде еңгізілген әскери жағдайдан басталған еді. Президент бірнеше сағатқа әскери жағдай жариялады. Бірақ оппозиция оны бүлікке теңеп, президентке импичмент жариялады. Ол қызметінен шеттетіліп, премьер-министр президенттің міндетін уақытша атқаруға кірісті. Кейін қысыл таяң үкімет басшысының өзіне де таянды. Артынан ел басшылығы оның орынбасарына берілген еді.
Енді 14 сәуірде президентке қатысты сот басталады.
/cурет ашық дереккөзден алынды