Анкарада көшеде жиналуға тыйым салынды
Анкара билігі тұрғындарға ескерту жариялады. Онда көшеде түрлі жиындар мен наразылық науқандарды өткізуге тыйым салынғаны айтылған. Шектеу 1 сәйірге дейін жалғасады.
Бұдан бөлек қол жинау, үнпарақтар таратып, баннерлер ілуге де рұқсат етілмеген. Айтайық, Түркияның Ыстамбұл мен Измир қалаларында да осындай талап күшіне енген еді. Сөйте тұра мұнда да шу басылмай тұр.