«Каспий Мұнай»АҚ-ы қалдықтарды қажетті экологиялық рұқсатсыз жинағаны үшін 13,7 млрд теңге мөлшерінде айыппұл арқалады. Ал, «AltyntauKokshetau» АҚ және «Қаржы-инвестициялық корпорация» АҚ нормативтен тыс қалдықтарды жинағаны үшін жауапқа тартылып, оларға 145 млн теңге және 108,7 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Елімізде қалдықтарды басқару талаптары бойынша экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 2022 жылдан 2024 жылға дейін 14,3 млрд теңге сомасына 405 айыппұл салынған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір кәсіпорын қалдықтардың көлемін азайту мақсатында ең үздік қолжетімді техниканы пайдалануды ескере отырып, Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті екенін атап өткен жөн.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *