Ыстамбұл қаласында Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның кіріспе сөзімен ашылды.

Ресей тарапынан делегацияны президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Ал оның құрамында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин бар.

Украина делегациясын елдің қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарады. Онымен бірге 11 өкіл келіссөзге қатысуда. Олардың қатарында Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица, Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский және Украина Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко бар.

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің Долмабахче кеңсесінде өтіп жатыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *