Қазақстан Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды.
Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.
Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.
/сурет Ақорда сайтынан алынды