Қызылорда: Қармақшы ауданында интеллектуалдық сайыс өтті
Қармақшы ауданында әйел жамағаттар арасында өткен интеллектуалдық сайыс өтті,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
«Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында аудан көлеміндегі қыз-келіншектерден құралған жамағаттар арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда рухани құндылықтарды насихаттау, дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, қыз-келіншектердің танымдық деңгейін арттыру және олардың белсенділігін дамыту болды.
Интеллектуалдық сайысқа 4 команда қатысып, әрқайсысы 4 мүшеден құралды. Қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салып, ұйымшылдық пен парасаттылықты қатар көрсетті. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігі мен дайындықтары көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
Сайыс нәтижесінде:
🥇 «Білім қырандары» командасы І орынды жеңіп алып, 50 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды.
🥈 «Ғылым нұры» командасы ІІ орынды иеленіп, 30 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
🥉 «Инабат» командасы ІІІ орынға табан тіреп, 20 000 теңге көлемінде жүлдеге қол жеткізді.
🎖️ «Кәусар» командасы белсенді қатысқаны үшін 10 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығын алды.
Бұл сайыс – білім мен руханияттың, ұйымшылдық пен парасаттылықтың тоғысқан алаңы ретінде есте қалды. Шара барысында қатысушылардың өзара қолдауы, сыйластығы мен сенімі – жамағат ішіндегі ауызбіршілік пен рухани мәдениеттің артуына себеп болды.
«Асыл мұра-орда» қоғамдық қоры осындай тағылымды іс-шаралар арқылы қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға, әйелдердің діни сауаттылығы мен қоғамдық белсенділігін арттыруға үлес қосуды жалғастыра бермек.