Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты айтты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Президенттің сөзінше, жаңа Парламентте депутаттарды бес жыл мерзімге сайлау көзделіп отыр. Сонымен қатар заң шығару процесін жетілдіру мақсатында заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын жаңа процедурасы ұсынылған.

Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды. Осылайша, біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы осыған дейін жүзеге асырылған саяси реформаларды одан әрі жалғастырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістер мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз. Басты мақсатымыз да – осы, – дейді Президент.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *