Олимпиада — 2026: Қазақстандық конькишілер үздік ондыққа енді
Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. Аталған спорт түрінен ел намысын Надежда Морозова мен Елизавета Голубева қорғаған еді.

Әлемнің әр елінен келген қатысушылар 3000 метр қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсеке нәтижесінде қазақстандық Надежда Морозова алтыншы орынға ие болды.

Ал отандасымыз Елизавета Голубева оныншы болып мәреге жетті.
Ал алтын медальді Италия спортшысы жеңіп алды. Сондай-ақ жүлделі үштікте Норвегия мен Канада спортшылары бар.
Бұдан бөлек, Ақ олимпиаданың алғашқы күнінде шаңғы жарысы да өтті. Алайда ел атынан сынға түскен спортшылар үздіктер қатарынан ілінбеді.
Дүбірлі дода бүгін де жалғасын табады. Қазақстандық скиатлондистер жарыс жолына шығады. Шаңғы жарысы Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады. Отандастарымыз Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков өнер көрсетеді.
Ал сағат кешкі 18.00-де биатлон сайысы басталады. Онда Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Аиша Рақышева, Милана Генева бақ сынайды.










