Қызылордада қоғамдық бақылау комиссия төрағасы ҚАЖ мекемелерінде болды
Қызылорда облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Тасболат Қалымбетов Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37, №60 мекемесін аралап, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайымен танысты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Жазасын өтеушілерді жеке сұрақтарымен қабылдап, олардың өтініштерін мұқият тыңдаған Тасболат Шакенұлы заң аясында нақты әрі тұшымды жауаптарын берді.
Бұдан кейін Тасболат Шакенұлы №68 тергеу изоляторына барып, айыпталушылар мен күдікті азаматтардың жағдаймен танысып,олардың өтініштерін тыңдады.
— Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде ұсталатын азаматтарға заң талаптарына сай жағдай жасалып отырғанына көз жеткіздік. Жазасын өтеушілердің өтініштері назардан тыс қалмай, олардың басым бөлігі оң шешімін тапты. Әсіресе, №68 тергеу изоляторындағы медицина бөлімінің толық жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі – атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табуы тиіс», – деді Тасболат Шакенұлы.
Фото: ҚАЖ












