Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны мәлім болды.

Қостанай облысы әкімі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

Бұл ақпарат бір күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында тараған болатын. Онда шенеуніктің қамауға алынғаны айтылды. Қоғамдық кеңістікте әкім орынбасарының есімі бұған дейін өңірдің денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты резонансты қылмыстық іспен байланыстырылған еді. Атап айтқанда, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубев қамауға алынған.

Аталған тұлғаларға қатысты емханалар мен ауруханаларға арналған медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу кезінде болған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Фото: облыс әкімдігі сайтынан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *