Ирандағы соғыс салдарынан Қазақстаннан Таяу Шығыс елдеріне жоспарланған бірнеше әуе рейсі тоқтатылды.

28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты мынадай өзгерістер енгізілді. KC263 Алматы –  Медина, KC897 Алматы –  Дубай, KC653 Алматы –  Доха, сондай-ақ KC205 және KC207 Астана –  Дубай рейстері ұшып шыққан әуежайларына кері қайтып жатыр. KC899 Алматы –  Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды, ал FlyArystan әуе компаниясының FS7617 Ақтау –  Дубай рейсі қосалқы әуежайға қонды. 28 ақпанға жоспарланған Таяу Шығыс бағытындағы өзге рейстердің барлығы тоқтатылды, — деп мәлімдеді Air Astana әуе компаниясы.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *