Семей қаласында ойын-сауық орталығында өрт шықты,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. Оқиға Шугаев көшесінің бойында орналасқан нысанда болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап 6 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Алайда өрт шарпуы күшті болып, ашық жалын ғимараттың шатырын қамтыған. Салдарынан шатырдың бір бөлігі ішінара құлаған.

Төтенше жағдай басталған кезде ғимарат ішінде болған адамдар өздігінен эвакуацияланып үлгерген. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтау үшін су шашыратқыш құрылғылар мен биік техникаларды пайдаланып жатыр. Қою түтін құтқару жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіруде.

Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат тіркелген жоқ. Тілсіз жауды толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *