Қызылорда облысы Арал ауданының орталығында «Нұр төгілсін еліме – Әз Наурызда!» атты ауқымды мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Теңізді өлкеде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтіп, әсіресе Наурызнама онкүндігі аясындағы іс-шаралар мазмұны мен маңыздылығы жағынан айрықша ерекшеленді. 14 наурыз – Амал мерекесінен бастау алған тағылымды күндер әр күн сайын түрлі мәдени, рухани және танымдық шаралармен толықты. Ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде де ұлттық дәстүрдің көрінісі кеңінен насихатталды.

Ал бүгінгі мерекелік шараға аудан тұрғындары көптеп жиналып, қазақы салт-дәстүрмен сабақтасқан көріністердің куәсі болды. Салтанатты жиынға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов пен аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев арнайы қатысып, жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Мереке барысында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Жолкелдіұлы өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне белсене атсалысқан бір топ азаматтарды Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Наурызнама онкүндігі аясындағы шараларды жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Мәртебелі меймандар ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерді аралап, онда көрсетілген салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғыларға куә болды. Сондай-ақ тәй-тәй басқан сәбилердің тұсауын кесіп, ақжол тілеп, елдің ертеңіне ақ батасын берді.

Бұл күні ұлттық спорт түрлеріне де ерекше мән берілді. Асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, қазақ күресі, қол күрес, батпан көтеру және садақ ату сынды ойындар көпшіліктің қызығушылығын арттырды. 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай іріктеу кезеңдерінен өткен спортшылар бүгінгі аламанда өзара мықтыны анықтап, тартысты бәсеке көрсетті.

Фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *