Президент альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», — делінген Президент Жарлығында.
Фото: Ақорда












