Зеленский Ресей жаппай қауіпті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге жаппай соққы жасауы мүмкін екендігі туралы халыққа ескерту жасады.
Бұл туралы президент өзінің Телеграм-арнасында жариялаған бейнеүндеуінде хабарлады.
«Бүгін болатын дабылға назар салыңыз. Біздің барлау мәліметтері бойынша, ресейліктер жаппай соққы дайындауы мүмкін», – деді Зеленский.
Сондай-ақ, президент әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштеріне осыған қатысты бұйрықтар беріліп, олардың да дайын отырғанын жеткізді.
Зеленскийдің сөзінен кейін Украина Қарулы күштерінің Әскери-әуе қорғанысы 24 наурызға қараған түні ауқымды шабуыл жасаудың нақты қаупі бар екенін хабарлады.
«Қарсы тарап ұшақтарының ұшуы тіркелді! Қанатты зымырандарды қолдану қаупі бар. Дабылға немқұрайлы қарамаңыз» деп жазды Украина Қарулы күштерінің әскери-әуе қорғанысы.
Фото: ашық дереккөз












