Доллар өзгереді: Онда Трамптың есімі тұра ма?
АҚШ долларында Трамптың есімі пайда болады. АҚШ Қаржы министрлігі бұл жағдайдың ел тарихында қазіргі президент үшін тұңғыш рет болатынын растады.
Америка Құрама Штаттарында доллардың сыртқы түрін өзгерту туралы шешім қабылданды. Болашақ банкноттарда Дональд Трамптың қолтаңбасы пайда болады.
Бұл шешім туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады. Ведомство басшысы Скотт Бессент бұл қадам арқылы Трамптың рөлін және ел тарихындағы қазіргі кезеңді ерекше атап өткісі келетіндерін мәлімдеді.
АҚШ қазынашысы Брэндон Бич те бұл идеяны қолдады.
Президенттің доллардағы қолтаңбасы — әбден лайықты дүние, — деп атап өтті ол.
Фото: ашық дереккөз












