Елімізде болжалды өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын ұзарып келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 75,97 жасқа жетті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қала тұрғындарының туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 76,63 және 74,81 жас.

«Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да өсіп, 79,8 жасқа жетті (2024 жылы – 79,42), ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 72,19 жас болды (2024 жылы – 71,33)», делінген хабарламада.

Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында – 78,83 жас және Астана қаласында – 78,78 жас. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 73,56 жас.

Фото: huffingtonpost.com

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *