Қазақстан: Әр бесінші балада артық салмақ бар
Төрағаның айтуынша, бүгінде елімізде 6-9 жас аралығындағы әр бесінші балада артық салмақ бар. Оның ішінде 6,6%-ы семіздікке шалдыққан.
Сонымен қатар жүргізілген сауалнама нәтижесі халықтың 77,6%-ы балалардағы артық салмақты қалыпты жағдай ретінде қабылдайтынын көрсеткен. Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында бірқатар нақты шаралар әзірленген.
«Біз Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігіне бірқатар қадамдарды ұсынып отырмыз. Оның ішінде қант қосылған сусындарға мақсатты акциздер енгізу бар. Бұл шаралар осындай өнімдерді сатудан үш жыл ішінде шамамен 420 млрд теңге көлемінде қаржы жинауға мүмкіндік береді. Жиналған қаражатты семіздікпен, темекі шегумен күреске, сондай-ақ пайдалы өнім шығаратын өндірістерді субсидиялауға бағыттауға болады», – деді Эрик Байжүнісов.
Фото: freepik.com












