Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Бауыржан Артықов бұл лауазымға 2024 жылғы 5 ақпанда тағайындалған еді.

Бауыржан Шұбайұлы 1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.

1993 жылы – ҚР ҚК кіші офицерлері курсын (Мотоатқыштар әскерлерінің офицері) оқыған. 1994 жылы – Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген. 2006 жылы «Қайнар» университетінде «Педагогика және психология» мамандығын оқыды.

2008 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде (Әскери және әкімшілік басқару); 2019 жылы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде (Әскери істегі стратегиялық менеджмент) істеді.

II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған.

Взвод командирінен бастап Десанттық — шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды. 2023 жылдан бастап 2024 жылы ақпан айына дейін ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы болды.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *