Қызылорда облысында қоғамда заң үстемдігін нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар маңызды іс-шаралар өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жоба аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры өңір жастарына арналған мазмұнды семинарлар ұйымдастырды.

Осы жылдың 2–3 сәуір күндері жоба аясында «Текей батыр» Қарпықұлы атындағы жоғары колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, заңгер Болатбек Серікбайұлы Айтбенбетовтің қатысуымен Қармақшы және Арал аудандарында ашық форматтағы семинарлар өтті.

Семинарлардың негізгі тақырыбы – «Адал қоғам: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және заң үстемдігі». Іс-шара барысында жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шаралар аудандық «Руханият» орталықтарында өткізілді. Қатысушылар қатарында мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және белсенді жастар болды. Семинар барысында қатысушылар өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасып, сала маманынан тәжірибелік кеңестер алды.

Мұндай семинарлар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, жоба аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңір жастары арасында құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.

Фото: «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *