Осы жылдың 2-3 сәуір күндері Қызылорда облысы Қармақшы және Арал аудандарында Қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Қоғамдық ұйымдардың тиімділігін арттыру және әлеуметтік жобаларды қолдау» тақырыбында семинар-тренингтер өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Іс-шараларға заңгер, республикалық деңгейдегі мемлекеттік гранттардың менеджері және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жетекшісі Айтмамбетова Айжан спикер ретінде қатысып, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамытуға қатысты өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинарларға үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, сондай-ақ азаматтық қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасты, пікір таластырып, өздерін толғандырған сұрақтарына тәжірибелік кеңестер алды.

Іс-шара барысында қатысушыларға үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тиімді басқару және қаржыландыру жолдары, қоғамдық ұйымдардың тиімділігін арттырудың заманауи әдістері, үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына тіркелу тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік қолдау тетіктері мен қаржыландыру мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Семинарлар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.

Аталған іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби деңгейін арттыруға, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға және өңірдегі азаматтық қоғам институттарын дамытуға оң ықпал етеді.

Фото: Ұйымдастырушылардан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *