«Voice Beyond Horizon» атты халықаралық жобада қазақ әншісі жеңіске жетті
Қазақстандық дарынды әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» атты халықаралық жобада ерекше өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Оның вокалдық шеберлігі мен сахнадағы харизмасы шетелдік қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

Фото: Ашық дереккөз
Айталық, бұл жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асырылып, еліміздің бірнеше қаласында өтті. Байқауға қатысушылар Қазақстанның бай мәдениеті мен терең тарихымен жақын танысуға мүмкіндік алды.












