Сыр елі: Қармақшылықтар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық аймақтарында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Жалпыұлттық бастамаға Қармақшы ауданы да ауызбіршілікпен атсалысып, аудан әкімі Жандос Еркінбектің тікелей бақылауымен ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан көлеміндегі 2 кент және 12 ауылдық округтің барлығында сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытты.

Сенбілікке бөлім, мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдары, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары жұмыла қатысып, белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Орталық көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арықтар тазаланып, ретсіз өскен арам шөптер де жұлынды. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қатар жүргізілді. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен арнайы орындарға шығарылды.
Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі












