Қызылорда облысы, Арал ауданы аумағында орналасқан Бегім ана кесенесі – IX–XII ғасырлар аралығында салынған тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі. Бұл кесене халқымыз үшін ерекше қасиетті орын болып саналады және адалдық пен пәктіктің символы ретінде кеңінен танылған, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Кесене Арал теңізі маңындағы Жаңақұрылыс ауылының оңтүстігінде орналасқан. Бұл ескерткіш шамамен XI ғасырда тұрғызылған және бүгінгі күні республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра ретінде мемлекет қорғауына алынған.
Осы қасиетті орынға Арал ауданына қарасты ауыл мектептерінің оқушылары арнайы барып, тарихи-танымдық саяхат жасайды. Әрі іс-шара барысында оқушыларға Бегім ана кесенесінің тарихы, оның аңыздық мәні, сәулеттік ерекшеліктері туралы кең көлемде мәліметтер берілді. Оқушылардың ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба мұрасына деген құрметін арттыруда себі мол.
Сонымен қатар, оқушылар кесене аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл игі шара жас ұрпақты табиғатты қорғауға, тарихи орындарды қадірлеуге және қоғамдық еңбекке баулуға бағытталған.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және елжандылық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Фото: әлеуметтік желіден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *