Мемлекет басшысы Түркістанда ТМҰ бейресми саммитіне қатысушы қонақтарды қарсы алды
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшыларын қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы делегация басшылары Түркістандағы Конгресс-холлға келді.
Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.




ТМҰ бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті.
Фото: Ақорда












