Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ  Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Бүгінде Жетісай ауданындағы «Әл-Фараби» шаруа қожалығының егіс алқабынан 65 тонна өнім жиналған. Қожалық К-34 канал арқылы су алады. Диқан егіс алқаптарына судың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз еткені үшін жергілікті «Қазсушар» филиалына алғыс білдірді. 

«20 гектар жерге қауын ектік. Су жеткілікті болды, ешқандай тапшылық көрген жоқпыз. Су үздіксіз берілді. Уақытылы суарудың арқасында мол әрі ерте өнім алып отырмыз. Атқарылған жұмыс үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне ризашылығымызды білдіреміз», деді «Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Анарбайұлы.

Жыл басынан бері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 млрд текше метрден астам су берілген. Оның 293 млн текше метрі Жетісай ауданына тиесілі. Ауданда бақша дақылдарын суаруға 49 млн текше метр су жіберілді. Бақша дақылдарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *