Дауылды ескерту: Бүгінгі ауа болжамы
Қазгидромет ел аумағында дауылды ескерту болатынын жариялады,- деп хабарлайды fastnews.kz ақпараттық сайты.
Қатты жел мен найзағай қаупіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшейеді. Сонымен қатар, шаңды дауылдың орын алу ықтималдығы бар.
Елдің оңтүстік және шығыс аймақтарында күн қатты ысып, ауа температурасы +38°C-қа дейін көтеріледі.
Астана
Күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C шамасында болады.
Алматы
Қалада бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болса, екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнгі температура +18…+20°C, күндіз +29…+31°C болады.
Шымкент
Бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кей сәттерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +34…+36°C аралығында болады.

Фото: Ашық дереккөз












