Елорда: «Әкелер күнінде» құмыра жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды
Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында 21 маусым – «Әкелер күні» мерекесіне орай әкелер мен балаларға арналған қыш құмыра жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Іс-шараның мақсаты – отбасы мүшелерінің арасындағы байланысты нығайту, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу және керамика өнерімен таныстыру.

Шеберлік сабағы барысында қатысушылар кәсіби мамандардың жетекшілігімен қыштан бұйым жасап, шығармашылық қабілетін дамыта алды. Сонымен қатар, әке мен бала бірлесіп жұмыс істеп, ерекше естелік сыйлық әзірледі.

Жобаға 35 жасқа дейінгі ата-аналардың балалары қатысты. Сонымен қатар қатысушыларға барлық қажетті құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан берілді.

Фото: Ұйымдастырушылардан












