28 маусым – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі.
28 маусым – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі.
Бұл мамандық иелері – билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. Республика, облыста орын алған айтулы оқиғаларды күн құрғатпай халыққа таратады. Ақпарат айдынында қалам тербеген мамандар мамандығына адал. Көпшілігі бұл саланы бала кезінен, жүрек қалауымен таңдайды.
Журналистің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын. Билік пен бұқараны байланыстырған ақпарат таратушылар, күн түн демей жұмыс істейді. Тұшымды ақпарат іздеу жолынды алыс сапарларға шығып, тың деректерді көрерменге ұсынады.
Осыған дейін «Журналистер күні» маусымның соңғы жексенбісінде бейресми аталып келген болатын. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма беріп, Қазақстандағы журналистер күнін ресми түрде бекіткен болатын. Үкіметтің қаулысымен 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі ретінде белгіленді.
Мереке құтты болсын, әріптестер!
Құрметпен FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты ұжымы
Фото: ашық дереккөз












