Электросамокаттарды пайдалану талаптары күшейтілді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

Бүгіннен бастап жалға берілетін электросамокаттарды пайдалану тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңа талапқа сәйкес, әрбір кикшеринг самокатына арнайы тіркеу нөмірі бекітіледі. Бұл жол қозғалысы ережесін бұзған пайдаланушыларды бейнебақылау жүйелері арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар енді электросамокат қолданушылар үшін сақтандыру полисі міндетті болады. Кикшеринг операторлары көліктің техникалық жарамдылығын, қозғалыс бағыты мен жылдамдығын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың автокөлік жүретін жолдарға шығуына шектеу қойылады.

Жаңартылған ережеге сәйкес, электросамокаттар ең алдымен велосипед жолағымен жүруі қажет. Егер мұндай жол қарастырылмаған болса, тротуармен сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі. Алайда 25 тамыздан бастап тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында самокатпен жүруге толық тыйым салынады.

Сондай-ақ электросамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелінен көліктен түспей өтуге және қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз қозғалуға болмайды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *