Қазақстан зайырлылық қағидатын ұстанатын мемлекет болғандықтан, әскери қызмет барысында діни көзқарастар мен Қарулы күштердің ішкі тәртібі бөлек қарастырылады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков айтты.

Оның сөзінше, қолданыстағы заңнамада азаматтарды діни сеніміне байланысты мерзімді әскери қызметтен босату немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін норма жоқ. Егер мұндай құқық қарастырылса, кейбір азаматтар оны әскери міндеттен жалтарудың құралы ретінде пайдалануы мүмкін.

Сондай-ақ брифинг барысында журналистер әскери қызметшілердің діни рәсімдерді орындауына қатысты сұрақ қойды. Асқар Мұстабеков әскери бөлімдерде мұндай тәжірибе қарастырылмағанын айтып, сарбаздардың барлығы белгіленген жарғы мен тәртіп талаптарын сақтауға міндетті екенін жеткізді.

«Біздің күн тәртібімізде қарастырылмаған. Сондықтан келген бала әскердің күн тәртібімен қызметін атқарады. Біздің мемлекетіміз – зайырлы мемлекет. Жаңа Конституция бойынша да, дін әскер мен саясаттан бөлек болуы керек. Қарулы күштер ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін орган болғандықтан, ол – бөлек институт», – деді Асқар Мұстабеков.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *