ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсету грантқа түсу мүмкіндігін арттырғанымен, мемлекеттік білім беру грантын алуға толық кепілдік бермейді. Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттардың қалай бөлінетінін түсіндірді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Ведомствоның мәліметінше, гранттар талапкердің жинаған ұпайына ғана қарап автоматты түрде берілмейді. Негізгі қағида – нақты білім беру бағдарламасы бойынша өткізілетін конкурстық іріктеу.

Сондықтан талапкердің грант иелену мүмкіндігіне бірнеше фактор әсер етеді. Атап айтқанда:

  • таңдалған білім беру бағдарламасының бағыты;
  • осы бағытқа бөлінген мемлекеттік гранттар саны;
  • конкурсқа қатысушылардың саны;
  • талапкерлер арасындағы бәсекелестік деңгейі;
  • белгілі бір санаттарға қарастырылған квоталар.

Мәселен, талапкер ҰБТ-дан 120 балл жинағанымен, грант саны шектеулі әрі сұранысы жоғары мамандықты таңдаса, конкурс нәтижесінде грантқа іліге алмауы ықтимал.

Керісінше, 100 балл жинаған талапкер бәсекелестігі салыстырмалы түрде төмен білім беру бағдарламасына құжат тапсырса, мемлекеттік грант иегері атануы мүмкін.

Министрлік шекті балл мен өту балының айырмашылығына да назар аударды. Шекті балл – талапкерге конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі көрсеткіш. Ал өту балы конкурс аяқталғаннан кейін талапкерлердің нәтижесіне қарай қалыптасады.

Осыған байланысты мамандық таңдау кезінде тек ҰБТ нәтижесіне сүйену жеткіліксіз. Талапкерлер грант саны мен таңдалған білім беру бағдарламасындағы бәсекелестік деңгейін де алдын ала ескергені жөн.

Яғни грантты анықтайтын негізгі фактор – тек жоғары ұпай емес, нақты конкурс нәтижесі.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *