Бүгін Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен мүлік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері өкілдерінің алғашқы республикалық форумы өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Елорда төріндегі алқалы жиынға Сыр өңірінен де делегаттар қатысып, көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, тұрғындардың құқықтары мен ортақ мүддесіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Еркін пікір алмасу форматында өткен ашық алаңда тұрғын үй саласындағы мәселелер мен оларды шешудің нақты жолдары талқыланды.

Форумға еліміздің әр өңірінен тұрғын үй қорын басқаратын шамамен екі мың МИБ пен ПИК төрағалары, басқарушы ұйымдардың өкілдері, салалық сарапшылар мен белсенді мүлік иелері жиналды. Жиынның өту барысын Сыр өңіріндегі сала өкілдері мен партия мүшелері де онлайн форматта тамашалап, маңызды талқылауға қашықтан қатысты.

Форум жұмысына «Әділет» партиясының төрағасы Әйбек Дәдебай, республикалық сайлауалды штаб өкілдері және Құрылтайға депутаттыққа үміткерлер қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Ашық диалог барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы түйткілдер көтеріліп, оларды шешуге қатысты ұсыныстар айтылды.

Жиында Сыр өңірінен барған делегат, «Пәтер иелер ассоциациясының» Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Ілімжаухар Сартова партия төрағасы Әйбек Дәдебайдан партиялық билет алды.

Бұл – азаматтардың қоғамдық бастамаларға белсенді араласып, тұрғын үй саласындағы мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға ұмтылысының көрінісі.

Тұрғын үй мәселесі – әр отбасының мәселесі. Ал оны шешу – ортақ жауапкершілік.

Фото: «Әділет» партиясы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *