Руханият
ҚАЗАҚ КИНОСЫ «ОСКАРДЫҢ» ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ
Белгілі режиссер Асхат Кучинчереков таспалаған «Бауырына салу» фильмі «Оскардың» үміткерлер тізіміне енді. Отандық туынды International Feature Film номинациясы бойынша үміткерлер қатарына енген. Бұл аталым шетел тіліндегі ең үздік фильмге берілетін номинация.
«Бауырына салу» — әжесінің бауырына салып берген, әке-шешесі үшін бөтенге айналған баланың жан күйзелісі жайлы фильм.