Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында пәтер кілті табысталды. Аудан әкімі Мұрат Сердалин Тайпақ ауылының тұрғындарына жаңа баспана табыстады. Бас-аяғы 13 отбасы үйлі болды.  Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты қариялар бар.

Салтанатты жиында сөз алған аудан басшысы, «Бүгін Тайпақ ауылының тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Баспаналы болуды армандайтын жан үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Осы қуанышқа сеп болған құрылысшыларға жұмыстарды тиянақты, уақтылы және сапалы аяқтағаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, береке-бақ арта берсін!», – деді. Сондай-ақ, еңбек ардагері Боранбай Қыдырғожин де көпшіліктің қуанышымен ортақтасып, тілектестік танытты.

Бұдан бөлек, ауданда ақжолтай жаңалықтар жетерлік. Жыл басынан бері Бударин, Алғабас, Мерген, Ілбішін, Жаңабұлақ тұрғындары қоныс тойын тойлады. Сондай-ақ, Битілеу ауылына «Қаладан ауылға» жобасы аясында көпбалалы екі отбасы көшіп келді. Олар да жаңа баспанадан қоныс тепкен болатын.  Сонымен қатар Базаршолан ауылдық округінен 2 отбасыға да жаңа үйлерден пәтер бұйырды.

Әсет БИСЕНҒАЛИЕВ,
Ақжайық ауданы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *