АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ АҚША ЖЫМҚЫРҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
Ақмола облысында бірнеше құрылыс компаниясының басшылары ұсталды. Олар су тасқынымен күреске бөлінген 300 млн теңгені жымқырды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының өкілі Меруерт Байболова мәлімдеді. Хабарламада «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаны айтылған.
Қолды болған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданындағы су тасқыны аймағында тұратын 200 отбасын көшіру үшін 100 пәтерлі екі үй салуға бөлінген еді.
Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі Алматы мен Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылары түрінде және банк шоттарында 50 млн теңгеден астам ақшалай қаражат ретінде табылған. Тыйым салынған мүліктің жалпы бағаланған құны 335 млн теңгеден асқан.