Бүгін Қазақстан Таэквондо федерациясының негізін қалаушы, таэквондодан 6 дүркін әлем чемпионы, қара белбеу 6-дан иегері Мұстафа Кәбенұлы Өзтүріктің туған күні. Ол тірі болғанда 70 жасқа толатын еді.


Аты аңызға айналған дара тұлғаны еске алу мақсатында Астанада велошеру өтті. Қатысушы Ернат Рахметолла бас қаланың көшелерімен 70 шақырымды жүріп өтті. Ол осы ісі арқылы түркі халықтарына ортақ тұлға Мұстафа Өзтүріктің рухына тағзым етіп, Қазақстан мен Түркияның бауырластығын, достығын насихаттағым келеді дейді.


Айта кетейік, Ернат Мелсұлы бұған дейін де бірнеше шерулер өткізіп, елдің есінде қалған еді. Ол республикалық және халықаралық деңгейде 14 велошеру ұйымдастырған. 2022 жылы 55 күнде 5555 шақырым жүріп өтіп, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерейтойына арнап Торғай, Ақкөл, Сарытүбектен бастап, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары және Грузия, Түркия аумағы арқылы Ыстамбұлдың Гүнешлі ауданындағы Мұстафа Өзтүрік жерленген зиратының басында аяқтады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *