Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды.
Салтанатты рәсімде қос мемлекеттің мызғымас достығының бір белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартылады