Қазақстандық қаламгер үздік атанды
Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Щит и перо» байқауының қорытындысы шықты. ТМД елдерінің құқық қорғау қызметкерлері қатысқан сайыс жылға жуық уақытқа созылып, топ ішінен үздіктер анықталды. Нәтижесінде қазақстандық қаламгер, Ішкі істер саласының құрметті қызметкері Әмірбек Шаймағамбетов “Содружество” номинациясының лауреаты атанды.
Шекара асып келген жүлде бүгін Қызылорда облыстық полиция департаментінің жиынында, жеке құрамның алдында құрметпен табысталды.