Кеңейтілген отырыстан көп дүниені аңғаруға болады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыстан көп дүниені аңғаруға болады. Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өткен жылғы жұмысына баға берді. Ілкімді істерді де, іркілістерді де айтты.
“Тарифтік шиеленістер мен санкциялық текетірестер күшейіп, мұның салдары ауырлай беруі мүмкін. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауды талап етеді”,- деді.
«Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», — деді.
Келелі кеңесте Олжас Бектенов бастаған бірнеше баяндамышылардың есебін тыңдадық. Солардың сапында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болды. Аймақ басшысы өңірдегі ақжолтай жаңалықтарды жеткізді. Ең бастысы ҚР Президенті Сыр өңірінде экономикалық серпіліс бар екенін айтып, Ел игілігі жолындағы атқарылап жатқан ауқымды жобалардың сапалы да кешенді түрде жүзеге асып жатқандығына оң баға беріп, биыл да алға қойған мақсаттарға барлық салада босаңсуға жол бермей қарқынды түрде жалғастыруды тапсырды.
“Аймақтың экономикалық өсімі 7%-ті құрады. Жыл қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Өзіңіздің қолдауыңызбен облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Мұнай қорының 15 жылдан астам төмендеуін ескере отырып, өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық салаларымен қатар мұнай-газ өңдеу саласын әрі қарай дамытудамыз”,- деді облыс әкімі.
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты