Өскемендік тұрғын есірткімен ұсталды
ШҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған күдіктіні ұстады. Ұсталған азаматтан 20 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Бұл бес мыңнан астам бір реттік дозаға тең көрінеді. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады.
Сайттың жазуынша өскемендік азамат қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан. Бұл іс жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер есірткі тарату арналары мен ықтимал сыбайластарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
/сурет Polisia.kz сайтынан алынды